Мұхтар Әуезов – «Абай жолы»

Қазақтың эпопеялық көлемді роман-тетралогиясы – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі арқылы ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының көркем шежіресі. Романда Абайдың бала кезінен бастап кемел шағына дейінгі жолы, рухани өсуі, сол заманның әдет-ғұрыптары мен әлеуметтік қайшылықтары кең қамтылған. Әуезов бұл туындысында ұлттың болмысын терең танытып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғажайып көркемдікпен бедерлеген.

Back to top button