Міржақып Дулатұлы – «Бақытсыз Жамал»

Қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі саналатын бұл шығармада бас кейіпкер Жамалдың қайғылы тағдыры бейнеленеді. Жамал өз сүйгеніне қосыла алмай, ата-анасының қалауымен еріксіз ұзатылады, сол арқылы ескі заманның қатыгез әдет-ғұрпы сыналады. Міржақып бұл романы арқылы әйел теңсіздігі мен қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

Back to top button