Кәдірбек Сегізбаев – «Беласқан»
Тарихи роман қазақ жерінің шығысында XVIII ғасырдың соңында өрбіген оқиғаларды суреттейді. Шығармада мінезі көп қырлы Қамбар төре атты ел билеушінің жұртты отырықшылыққа бейімдеп, егіншілікке баулуы, қазақ пен қалмақ халықтары арасындағы қарым-қатынасты жаңа, достық арнаға бұруы баяндалады. Романда сол заманның өмір салты, дәстүрлі құндылықтары мен әдет-ғұрыптары көркем суреттелген. «Беласқан» қазақ әдебиетінде тың тақырыпты қозғаған, тарихи шындықты көркемдік тұрғыда шебер бедерлеген шығарма ретінде бағаланады.