Әбіш Кекілбайұлы – «Үркер»
Бұл – қазақтың Кіші жүз руларының Ресей империясына қосылу кезеңін сипаттайтын көлемді тарихи роман. Шығармада Әбілқайыр ханның төңірегінде XVIIІ ғасырдағы қазақ даласында өткен аумалы-төкпелі оқиғалар, ел тағдырына әсер еткен шешімдер баяндалады. «Үркер» – жазушының тарихи дилогиясының алғашқы кітабы (екіншісі – «Елең-алаң»), онда қазақ қоғамының ең ауыр кезеңдері дерекке негізделе отырып көркем бейнеленген. Кекілбаев ел өміріндегі тар жол, тайғақ кешулерді, тұлғалардың болмысын терең психологиялық талдаумен ашып берген бұл еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.