Қажығали Мұханбетқали – «Тар кезең»
Жазушының ұзақ жылдар жазып, 2012 жылы жарыққа шығарған тарихи романы. Бұл шығарма Сырым Датұлы бастаған қазақтардың XVIII ғасыр соңындағы отаршылдыққа қарсы азаттық күресіне арналған. Романда Ресей империясы өз отаршылдық саясатын ашық жүргізе бастаған тұстағы елдің ауыр ахуалы, Нұралы хан билігінің дәрменсіздігі суреттеледі. Осындай қилы заманда халықтың ендігі үміті Сырым батыр бастаған билер мен батырларға артылады. «Тар кезең» – халық тағдыры қыл үстінде тұрған қиын дәуір оқиғаларын кең тыныспен, байыпты да байсалды көрсеткен шын мәніндегі көркем туынды. Бұл роман үшін автор Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.