Өтежан Нұрғалиев – «Соғыстың соңғы жазы»

Ақын Өтежан Нұрғалиевтің бұл кітабында соғыс тақырыбына арналған толғанысты өлеңдері топтастырылған. Балалық шағы соғыс жылдарына дөп келген буынның атынан сөйлейтін ақын жеңіс қарсаңындағы соңғы жаздың көңіл-күйін әсерлі жеткізеді. Өмір мен өлім белдескен соғыстың соңғы жазында бала көзімен көрген қиыншылық, жұрттың жеңіске деген үміті «Соғыстың соңғы жазы» жырларында жүрек тебірентерлік ықыласпен суреттеледі.

Back to top button